Қарызын ұзақ уақыт төлемеген Қазақстандықты не күтіп тұр?

2 500

Фото: Opennews.kz ЖИБерешегін ұзақ уақыт бойы өтемей жүрген адамға не болуы мүмкін? Борышкерлерге қандай шаралар қолданылуы мүмкін екенін әкімшілік практика аумақтық бөлімі филиалының аға сот орындаушысы Дәурен Оңласын айтып берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қарызды төлемеген жағдайда не болады?

Егер адам борышы бойынша талаптарды ұзақ уақыт орындамаса, сот орындаушысы оның шоттарын бұғаттап, олар бойынша операцияларды"қара тізімге" енгізе алады. Сондай-ақ қолданылатын құралдардың қатарында мүлікке шектеу қою шарасы бар.

Мәселен, борышкердің қарызы болып, бірақ оны төлейтін ақшасы болмаса, мүлігі тәркіленіп, аукцион арқылы сатылуы мүмкін. Түскен қаражат қарызды өтеуге жұмсалады.

Бұдан бөлек, сот актілерін орындамағаны үшін борышкер жауапқа тартылуы мүмкін. Қарызды ұзақ уақыт төлемеген жағдайда тіпті қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған, дейді Дәурен Оңласын.

Алимент төлемегені үшін қандай жаза қолданылады?

Егер алимент бойынша берешек екі айдан аса уақыт өтелмесе, сот әкімшілік жаза қолдануы мүмкін: айыппұл, бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу немесе 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту.

"Егер берешек алты ай бойы өтелмесе, белгілі бір жағдайларда қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін", – дейді аға сот орындаушысы.

Қарызды өтеуге ақша болмаса не істеу керек?

Егер адамның берешекті бірден өтеуге ешқандай мүмкіндігі, сондай-ақ мүлкі де болмаса, бұл оны талаптарды орындаудан босатпайды.

Сот орындаушылары борышкерге жұмысқа орналасуға көмектесе алады. Егер адам ресми түрде жұмыс істесе, берешекті өндіріп алу туралы қаулы жұмыс орнына жіберіледі

Алиментті жалақыдан өндіріп алу кезінде табыстың 50 пайызы төлемдерге бағытталады: 25 пайызы – ағымдағы алиментке, тағы 25 пайызы – берешекті өтеуге. Қалған 50 пайызы борышкердің өзінде қалады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.