Көрші елдер суды Қазақстанға өздері пайдаланып болғаннан кейін ғана береді

307
 Елімізде биыл да егістікке су тапшы болады. Жер емген шаруалар амалсыз егістік жерін азайтуға мәжбүр. Көрші елден келетін Жайық өзені сарқылып барады. Ресей алдымен суды өз қажетіне пайдаланады.

 Ал Қырғыз еліндегі Тоқтағұл су қоймасының суы биыл күрт азайып кеткен. Сәйкесінше бізге жіберетін су да азаяды деген сөз. Тіршілік нәрі тапшылығының алдын алу үшін ел үкіметі қандай жұмыстар жүргізіп жатыр? Соңғы уақытта трансшекаралық өзендердің суы азайып барады. Ресейден бастау алатын Жайықтың суы да деңгейінен түсіп кеткен. Бұл еліміздің батыс аймағына кері әсерін тигізері сөзсіз. Жамбыл өңірінде суармалы жерлердің бәрі қырғыз елінен келетін суға тәуелді. Трансшекаралық су мәселелері түбегейлі шешілмей тұр. Қырғыз тарапы бұрын бекітілген су жіберу тәртібін сақтамайды. Оған қоса сенген серігіміз Тоқтағұл қоймасының өзінде су азая бастаған.

 Жалпы су ресурстарын көп пайдаланылатын бағытының бірі ауылшаруашылық саласы. Сондықтан диқандар суды үнемдеп пайдалану жолдарын іздеуден басқа амал жоқ деп отыр. 

Әліби Бекжанов, шаруа қожалығының төрағасы

- Су тапшылығы өткен жылы өте қиын болды. Біз ана Шіркелік каналының соңында орналасқан, сол тармақтың аяғында болғаннан кейін біраз қиындықтарды көрдік. Бірақ енді өнімді жақсы былай, ойдағыдай 3 центнерден орташа алдық. Бірақ 2020 жылға қарағанда 7 центнер төмендеу болды. 2020 жылы 80,3 центнерден орташа өнім алғанбыз. Енді биыл осы төмен, аз болады дегеннен кейін біз көлемді азайтқанбыз. Енді суға байланысты жаңа айттым, ол бізде жаңа да сорттарды мен  жалпы су  болмайды болашақта дегенді  естігеннен кейін біз өзі 2-3 жылдан бері зерттеп жатырмыз күріштің жаңа сорттарын. Су тапшылығынан диқандар биыл нәпақасын азайтуға мәжбүр. Тәуекелге баруға жүрексінеді. Жауын-шашын болмаса еңбегі зая кетеді. Суға жауапты ведмствоның айтары да сол, шаруалар егін аумағын азайтса дейді. Әйтпесе шығынға шаш етектен батуы әбден мүмкін.


 Серік Қожаниязов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

- Сәуір айында жауын-шашын тағы да жалғасын таппаса, я болмаса жазғытұрым су аз келсе, біз қатты қысыламыз. Сол себепті біз айтып отырмыз, оңтүстік өңірлерде, мейлінше мақтаны да, күрішті де шамалы азайту керек. Қосымша каналдарды тазалау керек. Бұрынғыдай ағын су келеді деген жоқ. Биік жерлерге егіс екпеу керек.  Айыр қалпақты ағайын «судың да сұрауы бар» деген әнге басқан. Тоқтағұлдан келетін тіршілік нәріне тәуелді болғандықтан жауапты министрлік қырғыз елімен жыл сайын алыс-беріс арқылы келісімге келеді. Биыл да бір тоқтамға келіпті. Демек, қырғыздар су берсе, біздің ел қосымша электр қуатын жібереді. Сондай-ақ елімізде бірнеше ірі су қоймасы салынатын болды.

 Серік Қожаниязов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

 - Сол қазір Жамбыл облысында, екі өзен бойынша, Шу мен Талас бойынша біз 3 су қоймасын саламыз деген жоспар бар. Техникада негізгі көмек жасадық. Биыл сол проектно-смета документация  үлгіріп жатса, құрылысты бастаймыз. Ол деген өзіміздің Жамбыл облысы деген таулы жер ғой, жаңағы Қырғызстаннан келген судан бөлек өзіміздің территориямызда еріген қарларды жинақтап алып су қоймалары, сосын қырғыздардан келген су жетпесе, соны қосымша береміз. Дәл сондай жағдай бізде Қызылорда облысында, екі жерде су қоймасы деп айтпаймыз, көлдер жүйесі болған Көлдарияның бойында. Соны көктемгі су тасқыны кезінде көлдер жүйесіне кіреді де сосын дарияның су деңгейі түскен кезде қайтадан ағып кетеді. Біз енді контрреттеуіш емес, су бар кезде суды жинақтап алып, қажет кезінде ағызамыз. Жауаптылар 2025 жылға дейін олқылықтың орнын толтырамыз деп отыр. Сол аралықта 9 қойма салынбақ.