Абай облысында заңсыз балық аулаудан келген шығын 4 млн теңгеден асты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Абай облысында табиғатты қорғау шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Заңсыз аңшылықтан келген жалпы шығын 3,2 миллион теңгені құраса, заңсыз балық аулаудан келген шығын 4 миллионнан астам теңгеден асты.
Қардың қалың түсуіне байланысты жабайы жануарларды қыста азықтандыруға ерекше көңіл бөлінді. Инспекторлар популяцияны және аймақтың экожүйесін сақтау үшін жыл бойы жұмыс істейді.
Осы кезеңде табиғатты қорғау полициясы, Абай облыстық ПД, прокуратура, аймақтағы инспекция қызметкерлері, Семей қаласының балық инспекциясы (ЗЕМБИРХ) қызметкерлері 536 бірлескен рейдтік іс-шара өткізді.
Қаз
Рус






