Атырауда мұнай-газ машиналарын жасау мәселесі талқыланды

2 676

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: 24.kzАтырауда мұнай-газ машиналарын жасауды дамытып, отандық өндірушілерді қолдау мақсатында семинар өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазір мұнай-газ секторындағы сатып алулардың негізгі бөлігі, яғни 70 пайызы өңірдегі ірі үш мұнай компаниясына тиесілі. Жиында Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарына қажетті мұнай-газ жабдықтары таныстырылды. Сонымен бірге мұнай-газ компаниялары мен тауар өндірушілер импортқа тәуелділікті азайтуды көздейтін меморандумға қол қойды.  

Дмитрий Корнилов, жергілікті тауар өндіруші компанияның жоба жетекшісі: - Біздің компания Атырауда орналасқан. 13 жылдан бері мұнай-газ саласында жұмыс істеп келеміз. Бүгін осы салаға қажетті желдету жүйесін таныстырдық. Шетелдік компаниялар өндіретін өнімді біз де дайындап ұсына аламыз. 


 Құдайберген Арымбек, ҚР Энергетика вице-министрі: - 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 3 оператордың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу көлемі 2,8 трлн теңгеден астам соманы құрады. Бұл ретте сатып алудағы елішілік құндылық үлесі 1 жарым трлн теңге сомаға, 53 пайызды құрады. Бұл ұқсас кезеңдегі пайыздық арақатынастағы елішілік құндылық үлесінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.





OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.