Ұлттық банк ұлттық қордан 500 млн шетел валютасын сатпақ
Қараша айының қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 512,57 теңгеге дейін 3,3%-ға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 271 млн АҚШ долларынан 280 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,6 млрд АҚШ доллар болды.
Қараша айында Ұлттық қордан 600 млн АҚШ долларына валюта сатылды, бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 10,7%-ын немесе күніне шамамен 30 млн АҚШ доллар болды.
Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ теңестіру тетігін іске асыру кезінде Ұлттық Банк нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді.
Ұлттық банк қарашада валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.
Өткен айдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату нормасы шеңберінде валюталық түсімді сату көлемі шамамен 390 млн АҚШ доллар болды.
БЖЗҚ валюталық активтерінің үлесі осыған дейінгі жоспарға сәйкес 40% астам екенін ескере отырып, Ұлттық банк қарашада зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алған жоқ. Желтоқсанда да валютаны сатып алу жоспарланбайды.







