2026 жылы тыныштықты бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі қандай?
2026 жылы тыныштық бұзғаны үшін айыппұл көлемі айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты анықталады. Келер жылдан бастап АЕК 4 325 теңге болады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тыныштықты бұзуға тыйым салынатын уақыт:
Жұмыс күндері – 22:00-ден 09:00-ге дейін;
Демалыс және мереке күндері – 23:00-ден 10:00-ге дейін.
Айыппұл мөлшері:
Алғаш рет бұзған жағдайда – 5 АЕК, яғни 21 625 теңге;
Қайталанған жағдайда – 10 АЕК, яғни 43 250 теңге.
Бизнес субъектілері үшін жазалар қатаң, айыппұл жоғары болуы мүмкін, тіпті қызметін уақытша тоқтату қарастырылған.
Көршілердің шуына шағымдану тәртібі:
Шу дерегін тіркеу (аудио немесе бейнежазба);
102 нөмірі арқылы полиция шақыру;
Учаскелік инспекторға жүгіну.
Жалдамалы пәтерде туындаған шуға жауапкершілік тек жалға алушыларға ғана емес, пәтер иелеріне де жүктеледі.
Кәмелетке толмағандардың шуына қатысты:
Түнгі айқай, жүгіріс, ойындар да тыныштықты бұзу болып саналады;
Алғашқы шағым кезінде полиция көбіне профилактикалық әңгімемен шектеледі;
Қайталанған жағдайда айыппұл ата-аналарға немесе заңды өкілдерге салынады.
Сонымен қатар, рұқсат етілмеген жерлерде салют атқаны үшін 20 АЕК, яғни 86 500 теңге, ал түнгі уақытта атылған жағдайда 5 АЕК айыппұл (21 625 теңге) қарастырылған.







