Автомобиль жасау саласында өндіріс 30%-ға артты
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады. Ол Үкімет металлургия, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, машина жасау және химия салаларындағы 17 серпінді жобаның тізбесін бекіткенін баяндады.
Олардың әрқайсысы бойынша мониторингі, Инвестштаб шеңберінде жүзеге асырылатын іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары бекітілді. Автомобиль жасау саласы оң динамиканы көрсетеді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 30%-ға өсті. Сонымен қатар алдағы жылы жалпы өндіріс көлемі 160 мың бірлікті құрайтын 2 ірі жоба пайдалануға беріледі.