Автомобиль жасау саласында өндіріс 30%-ға артты

2 216

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:sportishka.comҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады. Ол Үкімет металлургия, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, машина жасау және химия салаларындағы 17 серпінді жобаның тізбесін бекіткенін баяндады.

Олардың әрқайсысы бойынша мониторингі, Инвестштаб шеңберінде жүзеге асырылатын іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары бекітілді. Автомобиль жасау саласы оң динамиканы көрсетеді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 30%-ға өсті. Сонымен қатар алдағы жылы жалпы өндіріс көлемі 160 мың бірлікті құрайтын 2 ірі жоба пайдалануға беріледі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.