Алтынның арты абақтыға апарды

2 522

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото; Әлеуметтік желіШығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндірушілерге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2025 жылдың маусым айында Үлкен және Кіші Шыбынды өзендерінің алқабында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары ұсталып, арнайы техника, жабдықтар, құрамында алтыны бар шикізат және ақшалай қаражат тәркіленген.

«Бір топ облыс тұрғыны мен Қытай Халық Республикасының азаматтары 2024-2025 жылдары Ұлан ауданының аумағындағы орман қорына зиян келтіре отырып, өз бетінше заңсыз алтын өндіргені анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Қаскөйлер заңсыз түрде 15 кг алтын өндірген. Мемлекетке 766 млн теңге шығын келтірілген.

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2026 жылдың 21 шілдесінде сотталушыларды аса ірі мөлшерде бағалы металды заңсыз өндіргені үшін кінәлі деп танып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.