Ұлттық қордың ақшасы "ҚазМұнайГаз" акцияларын сатып алуға жұмсалуы мүмкін: қаулы жобасы жарияланды

2 610

Фото: ашық дерек көзіҚаржы министрлігі "ҚазМұнайГаз" АҚ акцияларын Ұлттық қор ақшасына сатып алу туралы үкімет қаулысының жобасын жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Құжат жобасына сәйкес Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару шартын мынадай тармақпен толықтыру ұсынылады: "Инвестициялық операцияларды жүзеге асыру қағидалары шеңберінде шарттың 3.1.3-тармағына сәйкес сатып алынған қазақстандық қаржы құралдарын қоспағанда, Қор активтерінің бір бөлігін сыртқы басқарушының басқаруына беруді қоса алғанда, Қор активтерін инвестициялауды дербес жүзеге асыруға құқылы. Шарттың 3.1.3-тармағына сәйкес сатып алынған қазақстандық қаржы құралдарын Ұлттық әл-ауқат қорына басқаруға беруге жол беріледі. Бұл ретте қор активтерін басқарудағы сыртқы басқарушылардың қызметін бақылау Ұлттық банкке жүктеледі. 

Сонымен қатар келісім бойынша тағы бір тармақпен толықтыру ұсынылады: 

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, кейіннен Банк айқындайтын шарттарда Банктің Ұлттық әл-ауқат қорының басқаруына беру мүмкіндігімен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын Банктің республикалық бюджетті қаржыландыру үшін сатып алуы жөнінде шешімдер қабылдауға құқылы", - делінген қаулы жобасында. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.