Елімізде бөлшек сауда көлемі 7,6% өсті

665
Елімізде сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар құрайды, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 3 683,7 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,8% жоғары. Кәсіпкерлердің тауарларды бөлшек саудада өткізу көрсеткіші 7,6% өсті. Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 31,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 68,3%.


Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлардың еншісінде, атап айтқанда, автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтика тауарлары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, косметикалық тауарлар мен  жеке күтім керек-жарақтарын сататын кәсіпорындарда. 2022 жылғы 1 мамырға қарай сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1137,2 млрд теңгені, сауда күндерінде 70 күнді құрады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.