Зайсанда газдың 95%-ы Қытайға кетуде
254
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов Зайсанда неліктен газдың 95%-ы Қытайға кетіп жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
2020 жылғы дерекке сәйкес, Зайсандағы газдың 95%-ы құбыр арқылы Қытайға жіберілген.
"Бұл жағдаймен таныспыз. Арадағы келісімшарт 1995 жылдың ортасында жасалған. Халықаралық келісімшарт расымен болған және қолданылып келген. Қазір аталған кен орнында 328 миллион куб газ бар. Мен қалған газ тек жергілікті тұрғынға арналуы керек деп санаймын", – деді әкім.
Оның сөзінше, бүгінгі таңда газ көрші елге жіберілмейді.
"75 миллион куб газдың экспортталуы тоқтатылды. Қалған 328 миллион куб бізге 11 жылға жетуі керек. Мен келіссөз жүргіздім. Компания бұл қорды сақтауға келісті", – деп түсіндірді Ахметов.