Қазақстан мен Қытайды жалғайтын 3-ші теміржол салынады

2 538

Фото: KazinformҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстан мен Қытай арасындағы транзит және көлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті тұстарына тоқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.


«Бүгін қол қойылған инновациялар және ауыл шаруашылығы саласындағы кіші комитеттерді құру туралы хаттама екіжақты жоспарлардың іске асуына арқау болары сөзсіз. Осы құжатта көзделгендей, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруда және терең өңдеуде өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру үшін біздің Үкімет Қытай бизнесіне қолғабыс көрсетуге әзір», - деді Мұрат Нұртілеу Қытайдың Сыртқы істер министрімен кездесуден кейін БАҚ-қа мәлімдеме жасап. 


Оның айтуынша, күрделі гео-экономикалық ахуалда транзиттік және көліктік ынтымақтастықты дамытудың өзектілігі өсуде. 


«Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен стратегиялық маңызға ие болған Транскаспий халықаралық көлік маршруты бір-бірін толықтырып, ортақ мақсаттарды көздейді. Осы тұста, екі елдің теміржол мен автокөлік бекеттерінің өткізу қабілеттерін арттыру және 3-ші теміржол өткелін салу мәселелерін дәйекті түрде талқыладық. Екіжақты сауда-экономикалық және инвестиция саласындағы барлық қадам халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған», - дейді М. Нұртілеу. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.