Елімізде бір жыл ішінде электромобиль саны 10 есе артты

2 213

Биыл 1 тамыздағы дерек бойынша, елде 4,4 млн жеңіл автокөлік тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 15% көп, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Energyprom-ға сілтеме жасап.


Елдегі көліктің көп бөлігі - 3,9 млн машина жанармаймен жұмыс істейді.


Тіркелген электромобиль саны бірден 10,4 есе, жанармаймен жүретін көлік - 14,9%, дизель отынымен - 12,2%, газ-баллон отынымен жүретіні 38,2% артқан.


Ал аралас типті көлік саны 19,3% көбейді.


Жалпы Қазақстандағы электромобиль үлесі автокөлік паркінің 0.11%-ін ғана құрайды.


Дегенмен былтырғы жылдың осы кезеңінде көрсеткіш тіркелген жеңіл көліктің 0,01%-не ғана жететін.


Өңірлер бойынша ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелді - 2,8 мың.


Екінші және үшінші орында Астана (550 электромобиль) мен Алматы облысы (208 авто) тұр.


Электрқозғалтқышы бар автокөлік Абай облысында ең аз болып шықты - 8.


Одан кейін 14 көлікпен Солтүстік Қазақстан облысы мен 21 автокөлігі бар Жетісу облысы орналасқан.