Туризм Арал теңізіне жаңа үміт бере алады - АҚШ ғалымы
443
Арал теңізіне саяхат туристер үшін демалыстың тартымды түрі болуы мүмкін. Соның есебінен жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарының жағдайын жақсартуға болады. Саяхатшыларды таяз көлдің орнында пайда болған шөл, сондай-ақ сол жерде тасталған "елес кемелері" қызықтырады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Университет профессоры Майк Робинсон өз блогында шетелдік туристерді шөл далада тасталған және тот басқан кемелер қызықтыратынын жазды.
Олар негізінен Қарақалпақстан автономиялық республикасының Мойнақ қаласында, Өзбекстан аумағында орналасқан.
Маман бұл жерлерге бару көптеген адам үшін, әсіресе жас, экологиялық саналы саяхатшылар үшін міндетті тәжірибе деп санайды.
Майк Робинсон туристерді қабылдап, жергілікті экономиканың дамытуға болады деп болжайды: тұру орындары, мейрамханалар, гидтер керек. Сонымен қатар, білім беру, мәдени туризм әлемдік қоғамдастықтың назарын экологиялық проблемаларға аударады.
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын қамтыған Арал теңізі бір кездері әлемде тұздылығы жоғары төртінші теңіз саналатын. Алайда Сталин Орталық Азия республикаларын ірі мақта плантациясына айналдыру жайлы шешім қабылдағаннан кейін-ақ жағдай күрт өзгеріп сала бергені баршаға белгілі. Кеңестік басшылар Әмудария мен Сырдариядан шөл далаға су тарту үшін қолмен мыңдаған шақырымға созылып жатқан арық қаздырып, арналы қос өзенді шаруашылық мақсатқа бұрып әкетті. Осылайша тартылған айдынды су қойнауындағы мыңдаған қазынасымен бірге құмға сіңе берді. Өңірдегі 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты түгелге жуық жабылды. Суды ысырапсыз пайдаланудың соңы Арал теңізін қандай экологиялық апатқа ұшыратқанын өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз. Дәл осы себепті де аңыздың ақырына айналған Арал әлем жұртшылығының ең бір аяулы дүниесіне айналды емес пе. «Арал тағдыры – адам тағдыры» деген ұранмен теңізді құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде қаншама жұмыс атқарылып жатқанда саудыраған сүйегі ғана қалған кемелерді қалай ғана қаперімізден шығарып алдық екен? Тот басқан кемелерді жел шайқап, күнге қаңсып жатқан іске алғысыз темір ғана деп ойласақ, оңбай қателескен болар едік. Маң даланың төсінде бауырлай сұлап жатқан кемелер бар қайғысын ішіне жиып қана жатқан жоқ, басынан бұл-бұл ұшқан дәуренін қоса жоқтап жатыр. Олар – Аралға жасалған қиянаттың, табиғат дүниесіне жасалған қасірет символының нақ өзі.
Аралдың қазақстандық бөлігінде де борға тасталған кемелер бар. Төрт жыл бұрын мамандар оларды Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының экспедициясы кезінде көрген. Алайда, олар металл аңшылардың олжасына айналды.