2021 жылы Қазақстан экономикасы 4 % өсті
513
Өткен жылы еліміздің экономикасына едәуір өзгерістер еніп, 4% -ға өсті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, Президентіміздің берген мәліметтеріне сүйенсек бизнеске 100 млрд теңгеден астам көлемде залал келгендігін атап өткен болатын.
Елордада мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиын барысында Қазақстанның былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.
Осы сәтте, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізді дамыту үшін атқарылған шаралар мен Үкіметтің алдағы жоспары туралы баяндап жатыр. Одан кейін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов ақша-несие саясаты туралы айтады. Алмасадам Сәтқалиев "Самұрық-Қазына" қорының қызметі және оны реформалау туралы баяндайды. Мұнан бөлек, Алматы, Жамбыл және басқа да облыстардың әкімдері және Алматы қаласының әкімі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жағынан есеп беретін болады.
Мемлекет басшысы "Өңдеу өнеркәсібі 5,5, құрылыс индустриясы 7,6 пайызға артты. Қызмет көрсету саласында оң үрдіс бар. Сауда-саттық 9,2, көлік саласы 3,6 пайызға ұлғайды. Дегенмен, инфляция деңгейі межеден асып кетті. Бұл көрсеткіш 8,4 пайыз болды. Өкінішке қарай, қаңтар оқиғасы қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті. Заңсыз әрекеттердің салдарынан көптеген азаматымыз зардап шекті. Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырады", - деп атап өткен болатын.
Сонымен қатар, Президентіміздің берген мәліметтеріне сүйенсек бизнеске 100 млрд теңгеден астам көлемде залал келгендігін атап өткен болатын.
Алайда, "Жаңа Үкіметтің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл өте маңызды міндет. Сондықтан оны басымдықтардың бірі ретінде санауымыз қажет. Жоспарланған реформаларды жүзеге асыру және инфляцияны төмендету басты міндеттердің бірі. Ең бастысы азаматтарымыздың табысын арттыруымыз қажет",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.