Қызылорда облысында бюджет қаражаты көп игерілмей қалған

347
Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,5 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,5 трлн теңгені құрады. 58 млрд теңге атқарылмаған. Ағымдағы жылы өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша оларға 1 трлн 160 млрд теңге бөлінген. Оның 98,2%-і игерілді. Атқарылмаған – 21 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу – 3 млрд теңге, игерілмегені – 18 млрд теңге», – деді Е. Жамаубаев.
Ең көп игерілмеу: Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында қалыптасты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.