Қазақстан әлемдік экономикадағы орнын нығайта түсті

2 506

Фото: ©спикердің жеке архивіненХалықаралық сараптамалар қорытындысы бойынша, еліміз сатып алу қабілетінің тепе-теңдігіне негізделген ЖІӨ көлемі бойынша 36-орынға тұрақтады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық қатынастар және стратегиялық коммуникациялар саласының маманы, Еуразия геосаясатын зерттеуші, Даффодил халықаралық университетінің (Дакка, Бангладеш) профессоры Грег Саймонс аталған үдеріске оң бағасын берді.
Оның пайымдауынша, Қазақстанның тәуелсіздік алған қысқа уақыт ішіндегі қол жеткізген жетістіктері елдің айтарлықтай алға жылжуының айғағы. Сонымен қатар сарапшы алдағы даму кезеңінде осы деңгейді сақтап қалу үшін салмақты әрі жүйелі экономикалық саясат жүргізудің маңыздылығын атап өтткен.

Мұндай нәтижені сақтап қалу үшін ұтымды басқару және еліміздің халықаралық экономикалық үдерістеріндегі өз рөлін дербес айқындай алу қабілетіне тікелей байланысты, – деді Грег Саймонс.

Сарапшы Қазақстанның әлемдегі ең ірі 40 экономиканың қатарына қосылуын ішкі реформалар мен жаһандық факторлардың ұтымды ұштасуынан көреді. Бұл ретте мемлекеттік экономикалық саясат аясында қабылданған шешімдер мен сыртқы ахуалға бейімделе білу қасиеті шешуші рөл атқарған.

– Қазақстан аймақ елдерімен өзара тиімділік пен серіктестікке негізделген ынтымақтастықты дамытқан жағдайда ғана өңірдегі тартылыс орталығына айнала алады, – деп түйіндеді сарапшы.