Шетелдік онлайн-дүкендер енді тіркеуге қойылады

1 520

Фото: Kaspars Grinvalds / Shutterstock / FotodomЕлімізде тауар мен электронды қызмет ұсынатын шетелдік онлайн-дүкендер мен сервистер үшін ҚҚС бойынша шартты тіркеу жүйесі енгізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Еділ Әзімшайықтың айтуынша, салық органдары компаниялардың арнайы тізімін әзірлейді. Бұл интернет арқылы жұмыс істейтін шетелдік жеткізушілердің салық төлеу тәртібін ретке келтіруге бағытталған.

Шетелдік компаниялар төлем түскен күннен бастап бір ай аралығында салық органына растау хатын жіберіп, тіркелуі тиіс. Ал деректер өзгерген жағдайда 10 жұмыс күні ішінде хабарлауы міндеттеледі.ҚҚС төлеуші ретінде тану күні — сатып алушының алғашқы төлем жасаған күні болып саналады.

Қазіргі уақытта Apple, OpenAI секілді ірі платформалар 16% мөлшерлемемен ҚҚС төлеп отыр. Жаңа жылдан бастап оларға қайта тіркелу қажет емес. Ал салықты уақытында төлемеген компанияларға өсімпұл салынып, ескертуге қарамастан тіркелмесе, интернет-ресурстарына шектеу қойылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.