Қор нарығында доллар 3 теңгеге арзандады

2 173

Фото: Александр Павский / KazinformҚазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,17 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 509, 26 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 511 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 572, сату құны — 576.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 513 теңге, сатып алу құны — 507 теңге. Еуро 570 теңгеден сатып алынып, 580 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,34 — 6,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 512, 66 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,45 теңге. Еуро — 580,59. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.