2030 жылы 100 млн тонна мұнай өндіріледі
Үкімет жыл сайын мұнай өндіру көлемін арттырып келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агентігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Және мұнай химиясын дамытуға ерекше назар аударып отыр. Мұнайды өндірумен қатар одан жаңа өңімдер алуға бейілміз. Мәселен, Атырауда полипропилен зауытының құрылысы басталды. Қазақстан 2030 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 730 млн баррельге жеткізуді көздеп отыр. Яғни жылына 100 млн тонна өндірілуге тиіс. Былтыр елдегі кен орындарынан 90 млн тонна мұнай өндірілді. Оның 70,5 млн тоннасы экспортталды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, өндіріс қуатын арттыру үшін инвестицияны көптеп тарту қажет.
Қазір ел Үкіметі инвестициялық саясатты жақсарту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Бұл орайда геологиялық барлауға инвестиция құюға ден қойылып отыр. Аталған жұмыстар тиісті жемісін беріп, бүгінде бірнеше ауқымды жоба бойынша келісімдер жасалды. Қазақстан Үкіметі еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша дәйекті стратегияны ұстанады. Соның нәтижесінде айтарлықтай жетістікке қол жеткіздік. Бүгінгі таңда біз жалпы инвестиция көлемі 9 млрд АҚШ долларын құрайтын 6 келісімшартқа қол қойдық. Барлық мүдделі тараптарды осы салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз. «Рожков» кен орны батыстағы газ сұранысын толық жабады Елде бұған дейін де ірі кен орындары іске қосылды. Мәселен, былтырғы жылдың соңында «Рожков» кен орнынан газ өндіріле бастады. Қазір бұл жерде тәулігіне 1 млн текше метрден астам газ алынады. Ал жыл соңына дейін өндіріс межесін тәулігіне 1,5 млн текше метрге жеткізу көзделіп отыр. Соның нәтижесінде «Рожковтан» жылына 500 млн текше метрден астам газ өндіру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ жыл басынан бері 115 мың тонна конденсат алынды. Бұдан бөлек айына 6 мың тоннадан аса сұйытылған көмірсутек газы өндіріліп жатыр. Бұл Батыс Қазақстан облысының сұранысын толық жапқанымен қатар, артылған газбен басқа да өңірлерді қамтамасыз етуге жол ашады.