Елімідің солтүстік және шығыс өңірлері Ресей газымен қамтылуы мүмкін
499
Премьер-Министр Әлихан Смайылов: Ресей тарапы Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру нұсқасын қарауға дайын екендерін жеткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысының атап өтуінше, еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру бойынша нақты шешім қабылдау мақсатында екі нұсқа қарастырылып жатыр. Оның бірі - Ресейден газ тарту.
Оның дерегінше, еліміздің аталған өңірлерін «Сарыарқа» магистральді газ құбыры арқылы да газдандыру жолы бар.
Үкімет басшысының атап өтуінше, еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру бойынша нақты шешім қабылдау мақсатында екі нұсқа қарастырылып жатыр. Оның бірі - Ресейден газ тарту.
«Осы жылдың 11 ақпанында өткен қазақстандық-ресейлік жұмыс тобының отырысы барысында ресейлік тарап газды коммерциялық бағамен сатып алған жағдайда еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру нұсқасын қарастырға дайын екендіктерін атап өтті. Бүгінде газ бағасын анықтауға байланысты есептеулер жүргізіліп жатыр. Осы жылдың 12 сәуірінде «Газпром» ЖАҚ-пен кеңес барысында қазақстандық тарап газдандырудың балама нұсқаларын қарастыру мақсатында Ресей Федерациясынан сұйытылған табиғи газ жеткізу жолымен газдандыру нұсқасын зерделеуді ұсынды. Бұған қоса, аталған нұсқа газбен қайта жабдықтау және сығу инфрақұрылымына қаржы салуды талап етеді. Қорытындысында тараптар – QazaqGaz ҰК АҚ мен «Газпром» ЖАҚ арасындағы жұмыс тобы бұл мәселені одан ары пысықтау уағдаластығына қол жеткізді», - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Оның дерегінше, еліміздің аталған өңірлерін «Сарыарқа» магистральді газ құбыры арқылы да газдандыру жолы бар.
«АстанаГаз ҚМГ» АҚ «Сарыарқа» магистралды газ құбыры құрылысы» ІІ-ІІІ кезеңдерінің техникалық-экономикалық негіздемесін түзету жұмыстарын аяқтады. Нұр-Сұлтан-Көкшетау-Петропавл учаскесі бойынша «Мемсараптама» РКМ ескертпелерін жою жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың маусым айының соңына дейін ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын алу жоспарланып отыр. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, барлық бастапқы мәліметтер (газ бағасы, құрылыс құны, халықты қамту және т.б.) алынғаннан кейін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудың соңғы оңтайлы нұсқасы таңдалады», - деді Премьер-Министр жауабында.