Елде инфляция 2015 жылғы деңгейден асып кетті – Тоқаев

748

Елордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Президент отырыс барысында елдегі экономикалық жағдай туралы айтып өтті, -  деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай ілгерлеу байқалған. 
"Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар", - деді Тоқаев. 
Сонымен қатар президент елдегі инфляция деңгейінің 2015 жылғы деңгейден де асып түскенін мәлімдеді. 
“Дегенмен, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті", – деп қосты ол.