Жетісу облысындағы қант зауыты қызылша қабылдауды тоқтатты
Жетісу облысы Көксу ауданындағы зауыт қант қызылшасын қабылдауды 10 күнге тоқтатты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтыны сілтеме жасап.
Кәсіпорын директоры Алтынбек Абатовтың айтуынша, көкөністің тамыр жемісін сақтау алаңында әзірге бос орын жоқ. Бірақ қазір зауыт қалыпты режимде жұмыс істейді. Тәулігіне 2 мың тонна шикізатты қайта өңдеуге қауқарлы. Осыған байланысты Ақсу ауданында орналасқан тағы бір кәсіпорын Ескелді, Көксу, Қаратал және Кербұлақ аудандарынан көкөніс қабылдауын бастады. Бүгінде 33 шаруа қожалығы зауытқа 13 мың тонна шикізат өткізді.