Елімізде алюминий өңдеу көлемі 30 пайызға өсті

1 573

Әлихан Смайылов мемлекеттік қолдау шараларын шикізаттық емес секторға бағыттаудың нәтижесі туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қайта өңдеушілерге шикізат қолжетімді бағамен беріліп келеді. Былтыр Қазақстанда алюминий өңдеу көлемі 30 пайыз артқанын көріп отырмыз. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының тізбесі едәуір кеңейді. Былтыр елімізде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 27% немесе 1,8 миллионға өсті. Ал жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 36% болды», - деді Үкімет басшысы.


Сондай-ақ, ол қолданыстағы заңнама инвесторларды отандық және шетелдік деп бөлмейтінін атап өтті.


«Біздегі заңнама шетелдік және отандық инвесторларға тең мүмкіндіктер береді. Ірі шикізаттық емес жобаларға 10 жылға дейін тұрақты салық қарастырылған. Қабылданған «Өнеркәсіп саясаты туралы» заң шеңберінде өңдеуші секторды дамытуға бағытталған тиісті тетіктер көзделген», - деді Әлихан Смайылов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.