Қытайлық туристердің Қазақстанға қызығушылығы артты

158

Қазақстанға Қытайдан келетін туристердің саны арта түскен. Бұл туралы Kazakh Tourism ұлттық компаниясының баспасөз қызметі елімізге 16 млн доллар кіріс кіргендігін атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі. 



Kazakh Tourism компаниясының дерегінше, шығыс көршінің Қазақстанға келген саяхатшыларынан 2021 жылы 8,9 миллион доллар пайда түссе, былтырғы кіріс екі есеге ұлғайған. Қытайдан келген туристің  әрқайсысы біздің елде орта есеппен, мың доллар жұмсайтындығы белгілі болған. 

"Қазақстан туристік дестинация ретінде бірқатар елдердің, соның ішінде ҚХР азаматтарының сұранысына ие. Қытайлық туристердің визасыз болу мерзімін 14 күннен 30 күнге дейін ұзарту бизнеске олардан көбірек пайда табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, басқа елдерден саяхатшыларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде", – деп атап өтті "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ Басқарушы директоры Даниэль Сержанұлы. 

Бұған дейін Қазақстан мен Қытайдың өзара визасыз режим енгізетіні белгілі болған еді.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, визасыз режим екіжақты болады, яғни Қазақстанның азаматтары да визасыз Қытайға туристік және іскерлік мақсатта бара алады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.