Ұлттық вагон паркі 700 заманауи вагонмен толығады
2 525
2030 жылға қарай елімізде заманауи әрі ыңғайлы пойыздардың саны арта түспек. Толығырақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов айтып берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
«Жыл сайын орта есеппен 13,5 млн жолаушы пойызбен қатынайды. Әсіресе жолаушылар арасында Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей және Алматы-Семей бағыттары сұранысқа ие. 2030 жылға қарай ұлттық вагон паркін 700 вагонмен толықтыру жоспарда бар. Бүгінде еліміз бойынша 138 пойыз бағыты бар, соның ішінде 97 бағыт бойынша біз жауаптымыз. Соңғы 10 жылда біздің компания 1,5 мыңға жуық заманауи вагон сатып алды», - деді Жәнібек Тайжанов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, былтыр және жыл басталғалы компания 150-ден астам вагон сатып алған.
«Жаңа вагондар тіркелген пойыздар Алматы-Маңғыстау, Алматы-Атырау, Атырау-Астана, Атырау-Маңғыстау, Астана-Шымкент, Астана-Семей, Қызылорда-Семей, Алматы-Жезқазған, Павлодар-Алматы, Павлодар-Түркістан және Атырау-Ақтөбе бағыттары бойынша қатынайды», - дейді ол.