Үкімет басшысы ұлттық экономиканың өсу серпінін «сенімді» деп бағалады

388
Асқар Мамин ұлттық экономиканың өсу серпіні туралы Үкімет отырысында айтты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

«Ұлттық экономикада өсу серпіні байқалады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,4 пайызға дейін қарқын алды. Экономика дамуының негізі сектордағы өндірістің тұрақты өсуі болды.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,7 пайызға өсті. Соның ішінде, машина жасауда 22,8, автомобиль құрылысында 31,6 пайыз, локомотивтер мен вагондар өндірісінде 50,5, құрылыс материалдарында 10,1, фармацевтикада 38,1, пластмасса бұйымдары өндірісінде 31,4, киім өндірісінде 14, жиһазда 14,9, дайын метал бұйымдарын шығаруда 17,2 пайыз өсім байқалады», - деді. Сонымен қатар, қызмет көрсету секторы да карантиндік шектеулердің азаюйына байланысты сенімді түрде қалпына келіп жатқандығын атап өтті. 

«Қазір қызмет көрсету секторы сауда мен байланыстағы жоғары өсу қарқыны есебінен 2,9 пайызды құрады», - деді Үкімет басшысы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.