Зейнетақы қаржысын енді көз емдету үшін де шеше алмайсыз

2 559

Фото:  коллаж kursiv.mediaОтбасы банк біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеу үшін өтінім қабылдау 4 желтоқсаннан бастап тоқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бүгінге дейін жіберілген барлық өтінімдер жоспарға сай қаралады.

Бұл өзгеріс Денсаулық сақтау министрлігінің БЗТ пайдалану қағидаларына енгізген түзетулерімен байланысты. 2025 жылғы 3 желтоқсанда жарияланған жаңа бұйрыққа сәйкес, енді зейнетақы жинақтарын стоматологияға да, офтальмологияға да қолдануға рұқсат берілмейді.

Қазіргі уақытта банкте «офтальмология» бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15 808 өтінім жатыр. Атап айтқанда 5131 өтінім (4,6 млрд теңге) банктің тексеруінде болса, қалған 10677 өтінімге  (8,7 млрд теңге) қатысты клиенттерден қосымша құжат талап етіледі.

Стоматологиялық қызметтерге өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артқан. Мәселен 15 қыркүйекке дейін бұл санат бойынша ай сайын орташа 174 өтінім мақұлданса, шектеуден кейін бұл көрсеткіш 1264-ке дейін өсіп, 7 есе артқан.

Тексеру барысында банк қызметкерлері күмәнді жағдайларды да анықтаған. Мысалы бір офтальмологиялық клиникамен шарт жасаған әртүрлі адамдардан өтінімдер түскен, бірақ құжаттарда клиниканың түрлі қалалардағы әртүрлі мекенжайлары көрсетілген. Тексеру нәтижесінде аталған мекенжайларда мұндай клиникалардың жоқ екені белгілі болған.

Офтальмология мен стоматология бойынша өтінімдер шектелгенімен, азаматтар БЗТ-ны әлі де маңызды және қымбат ем-шараларға пайдалана алады. Атап айтқанда:

  • орфандық ауруларды емдеу;
  • реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары;
  • радионуклидтік және радиойодтерапия;
  • радиохирургиялық емдеу;
  • протондық терапия.

Осылайша стоматология мен офтальмология жалпы тізімнің тек аз бөлігі ғана. БЗТ бағдарламасы жұмысын жалғастырып, мыңдаған азаматқа денсаулыққа қатысты маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.