$165 млрд қарыз: Қазақстанның шетелден алған қарызы өсіп барады

226
Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп барады. Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сыртқы қарыз $165 млрд-қа жеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы аrasha.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мәселен, қаржы және сақтандыру саласының сыртқы қарызы 37,5% өсіп, $11 млрд-қа жетсе, құрылыс саласының қарызы 24,6% өсіп, $4,3 млрд болған.

Ал мемлекеттік басқару және қорғаныс саласының сыртқы қарызы – 14,2% өсіп, $15,8 млрд болса, сумен қамтамасыз ету саласы – 17,5%, өсіп, $184 млн-ға жеткен.

Сондай-ақ, көтерме және бөлшек сауда саласының қарызы 8,2% өсіп,  $9,3 млрд-қа, өңдеу өнеркәсіп саласының қарызы 8% $12,5 млрд-қа жеткен,

Дегенмен сыртқы қарызды өтеп жатқан салаларда бар. Олар: көлік және қойма саласы, кәсіби ғылыми-техникалық сала, әкімшілік және қосалқы қызмет саласы, тау-кен саласы. Қазақстан қарыз алған елдер қатарында АҚШ, Нидерланд, Англия бар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.