Ұлттық Банк 1 миллиард долларға жуық валюталық интервенция жүргізген

512
Ұлттық Банк наурызда 1 миллиард долларға жуық валюталық интервенциялар жүргізген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қордан бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін 891 млн долларды сатуы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне  233 млн доллар валюталық түсімнің бір бөлігін сатуы теңгеге қолдау көрсетті. 


Еске салсақ, ақпан айында Қаржы реттеуші орган 273 миллион долларға валюталық интервенция жүргізген. Ал бюджеттік трансферттер үшін Ұлттық қордан  510 миллион доллар сатылған. Биржадағы валюталардың жалпы саудасы наурызда екі есе өсті.