Қазақстанда неке сақинасының бағасы 38 %-ға өскен
Қазақстанда алтыннан жасалған неке сақинасының құны 17 ай қатарынан қымбаттап жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың қаңтар - желтоқсан айларында Қазақстанда зергерлік және ұқсас бұйымдар өндіру көлемі рекордтық 2,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір жарым есе көп.
Қазақстанда алтын неке сақинасының бағасы 2024 жылдың ортасынан бастап қатарынан 17 ай өсіп жатыр және екі жылдан астам уақыт бойы төмендеген жоқ. Өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша алтын неке сақинасы бір айда 1,1%-ке, ал бір жылда 38,2%-ке қымбаттаған. Айта кетері, 2023 жылдың желтоқсанында жылдық өсім тек 2,7% болған.
Әсіресе Алматыда неке сақинасының құны 64,6% көтеріліп, қатты шарықтаған. Бұдан кейін Түркістан және Ақмола облыстары тұр. Ал Жетісу мен Маңғыстау облысында алтын неке сақинасының құны 14%-ке дейін ғана көтерілген.







