Зейнетақы жинақтарын «Отбасы банктегі» депозитке аударуға болады
595
Зейнетақы жинақтарын «Отбасы банктегі» депозитке аударуға болады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Үй қымбаттамайды. Естеріңізде болса, жылдың басында халыққа зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат беріліп, соның салдарынан баспана бағасы айтарлықтай шарықтап шыға келген еді.
Енді таяуда зейнетақы қорындағы жинақты алудың шекті бағасы белгіленіп, елді дүрліктіргені тағы аян. Сол себепті сарапшылар осы айда баға біршама тұрақталып, өсім баяулайды деп болжаған еді. Бірақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін қазақстандықтардың көңілі жай тапты. Жалпы қараша айында жаңа баспана 0,6%-ке, ескі үйлер 1,1%-ке қымбаттаған. Ал қазан айындағы көрсеткіштер бұдан да жоғары болған еді. Сол себепті сарапшылар мемлекет басшысының зейнетақы жинақтарының шекті межесін көктемге қалдыруы өте орынды шешім дейді.
Андрей Чеботарев, EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының сарапшысы:
- Зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеруді кейінге қалдырғаны тұрғын үй нарығы үшін тәуір болды. Әсіресе жинақтағы қаражатты біртіндеп игеруге қолайлы. Егер желтоқсанның соңғы 20 күнінде 500 миллиард теңге нарыққа шықса, баспаналардың бағасы бірден шарықтап кетер еді.
Зейнетақы жинақтарын депозитке аударуға болады
- Зейнетақы жинақтарын 16 желтоқсаннан бастап «Отбасы банктегі» депозиттерге аударуға да болады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ-ның Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Осылайша бір жолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгертуді жеделдету туралы шешім қабылданды.