Қазақстан мен Грузия арасында өзара сауда көлемі 30 пайызға ұлғайған
Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили сауда, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Грузия - Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі.
Жалпы, осы жылдың 6 айында өзара сауда көлемі шамамен 30% өсіп, $190 млн құрады, бұл ретте сауда көлемін одан әрі арттыру үшін үкіметаралық комиссия жұмыс істейді.
Премьер-Министр екіжақты қарым-қатынаста транзиттік-көлік секторындағы ынтымақтастыққа басымдық берілетінін атап өтті.
Мәселен, бүгінде екі ел арасында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясындағы әріптестік қарқынды нығайып келеді.
Өткен жылдың 6 айының қорытындысына сәйкес Орта дәліз бойынша жүк тасымалдау көлемі 77% өсіп, 1,3 млн тоннаны құрады.