Қазақстан мен Польша арасындағы өзара сауда байланысы нығаюда
501
Қазақстан Польша елімен өзара сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарын тереңдетуде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан деректерге қарағанда, Польша – Қазақстанның Еуропалық одақ елдері арасындағы сегізінші ең ірі сауда әріптесі. 2021 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 760,4 млн АҚШ долларын, ал 2005-2021 жылдар аралығында Польшадан Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестициялардың көлемі 272,6 млн АҚШ долларын құрады.
Мемлекеттер арасында энергетика, «жасыл технологиялар», көлік және логистика, электрондық сауда, қаржы технологиялары, туризм, агроөнеркәсіп кешені сияқты салаларда бірлескен перспективалық жобаларды дамытудың да үлкен әлеуеті бар
Кездесу барысында екі мемлекет пен халықтар арасында өзара тиімді ықпалдастық пен достықтың алдағы уақытта да қарышты дамуына ортақ сенім білдірілді.

«Қос ел бір-бірінен мыңдаған шақырым алыс болғанына қарамастан, оларды ортақ тарихи тағдыр байланыстырады. Қазақстан халқын құрайтын 130 этностың арасында поляк диаспорасы да бар. Қазақстандық «Полония» бүгінде елдеріміз арасындағы «жанды көпір» болып табылады. Поляк диаспорасы үшін елімізде ана тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін оқып-үйренуге және тарихи отанымен рухани жақындасуға қажетті барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, «Полония» өкілдері еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатысып келеді»,- делінген хабарламада.