Шетелдіктер Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы

2 510

Фото: ©Pixabay.comЧехия Еуроодақтан тыс елдермен, соның ішінде энергетикалық ресурстар жеткізуші мемлекеттермен сенімді әрі тұрақты серіктестік тетіктерін қарастырып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш мәлімдеген. 

Премьер-министр ірі бизнес-делегациямен бірге төрт күндік сапармен Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстанға аттанатынын айтты. Делегация құрамында энергетика, көлік, машина жасау және қорғаныс салаларындағы Чехияның ірі 50-ге жуық компаниясының өкілдері бар. Сапар барысында басты назар мұнай мен газ жеткізу бойынша келіссөздерге аударылады. Сонымен қатар бизнес-форумдарға қатысу жоспарланған. Бағдарлама аясында Чехия премьер-министрі Астанада Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновпен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ ол ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.