"Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл" : Үкімет басшысы жеті жылдағы жетістіктерге тоқталды

2 511

Фото:© АқордаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев басқарған жеті жылдың жетістіктері мен реформаларына тоқталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі  BAQ.KZ  ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Экономикалық даму: 2019–2025 жылдар аралығында Қазақстанның ІЖӨ 181,7 млрд доллардан 305,9 млрд долларға дейін өсті, жан басына шаққандағы ІЖӨ 9,8 мың доллардан 15 мың долларға жеткен. Өңдеу өнеркәсібі көлемі 2,5 есеге ұлғайып, ІЖӨ құрылымында кен өндіру секторынан тәуелділік азайған. Құрылыс, сауда, көлік, қызмет көрсету салаларының үлесі артты, тұрғын үй құрылысы жыл сайын 20 млн шаршы метрге жеткен.«Бәйтерек» холдингі арқылы 2,9 трлн теңгеден 10,4 трлн теңгеге дейін инвестициялар тартылған.

Ауыл шаруашылығы: Жеті жылда жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,2 трлн теңгеден 9,8 трлн теңгеге дейін өскен. Суармалы алқаптарды 2,5 млн гектарға дейін жеткізу жоспарлануда, ирригациялық жүйелер мен элеваторлар жаңартылуда.

Инфрақұрылым мен көлік: 25 мың шақырым жол салынды немесе жөнделді, теміржол торабы мен порттар жаңартылды, әуежайлар мен логистикалық орталықтар дамыған. Транзиттік әлеует артты, көліктік инфрақұрылым экономиканың кеңеюіне ықпал еткен.

Энергетика және экология: Электр энергиясын өндіру 123,1 млрд кВт/сағатқа дейін өсті; ЖЭО-ларды жаңарту, табиғи газға көшіру жұмыстары жүріп жатыр. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында миллиондаған адам экологиялық акцияларға қатысып, табиғатты қорғауға үлес қосқан. Су ресурстарын қорғау, мұздықтарды сақтау мәселелеріне назар аударылып, халықаралық бастамалар қолға алынған.

Әлеуметтік саясат: 2025 жылы әлеуметтік мақсаттағы шығыстар бюджеттің 36,5%-ын құраған.

Білім беру мен ғылымға салынған инвестициялар 5 еседен астам өсті, денсаулық сақтау саласына инвестициялар 3,7 есе артқан. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2,5 млрд доллар қаражат аударды, «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы бекітілген. Мектеп инфрақұрылымы жаңартылып, 1 300 жаңа мектеп салынды, «Келешек мектептері» жобасы аясында 217 мектеп ашылған. Медицина, спорт және ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылым дамыған.

Цифрландыру мен инновация: Smart Bridge интеграциялық платформасы енгізіліп, қызметтер цифрланған.

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылған, 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланған.

Құқықтық жүйе мен мемлекеттік басқару: Заң үстемдігі, құқық қорғау жүйесін жаңғырту, сервистік полиция практикасы енгізілген. Салық реформасы әділ және айқын жүйені қалыптастырды, мемлекеттік басқаруда цифрлық трансформация күшейген. 

Қорыта келгенде, жеті жыл ішінде Қазақстан экономикасы әртараптандырылып, инфрақұрылым сенімді, әлеуметтік саясат тиімді, цифрлық трансформация дамыған, инвестициялық тартымдылық пен заң үстемдігі қамтамасыз етілген. Премьер-министр ел азаматтарының Президент бастамасын қолдап, тұрақты даму мен өркендеуге үлес қосатынына сенім білдірген.