Бухгалтер 118 миллион теңгені құмар ойынына тіккен

1 539

Фото: finrussia.ruБатыс Қазақстан облысында мемлекеттік кәсіпорын бухгалтері аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

 Тергеу мәліметінше, лудоманияға шалдыққан қызметкер 118 миллион теңгені 1XBet букмекерлік кеңсесінде бәске тігіп, ұрланған қаржыға автокөлік сатып алған. 

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтаған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Тергеу амалдарын арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр.

Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторына қамауға алынған, ал сатып алынған автокөлікке тыйым салынған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.