Қазақстанда келер жылы инфляция біртіндеп баяулайды – Ұлттық банк
426
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Халықаралық валюта қорының жаһандық инфляцияға қатысты болжамын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті дайындау барысында Ұлттық банк ақша-кредит саясаты мен төлем балансы көрсеткіштерінің болжамын әзірлеген.
Оның айтуынша, көптеген елдердегі инфляция бірнеше онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштерге жетіп, жоғары деңгейде қалып отыр.
Осыған байланысты дамыған және дамушы елдердің орталық банктері мөлшерлемелерді көтеріп жатыр.
Логистикалық және өндірістік жолдардың өзгеруінен ішкі нарықтардағы теңгерімсіздік күшейіп, азық-түлік пен шикізаттың әлемдік бағасының өсуінен Қазақстанда да инфляция өскен.
Сондай-ақ, қазір іске асырылып жатқан ақша-кредит саясаты аясында 2023 жылы инфляция біртіндеп 7,5-9,5% дейін баяулайды. Әлемдегі азық-түліктің қымбаттауының баяулауы, негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның баяулауы да инфляцияны тежейтін болады.
Оның айтуынша, 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті дайындау барысында Ұлттық банк ақша-кредит саясаты мен төлем балансы көрсеткіштерінің болжамын әзірлеген.
«Болжам геосаяси жағдайдың нашарлауына байланысты әлемдік қаржы және тауар нарықтарында болған жоғары құбылмалылық кезінде қалыптасып отыр. Геосаяси дағдарысқа байланысты әлемдік тауар нарығындағы теңгерімсіздік жаһандық инфляция жағдайын одан әрі қиындатты», - деді Ғ. Пірматов Мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, көптеген елдердегі инфляция бірнеше онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштерге жетіп, жоғары деңгейде қалып отыр.
Осыған байланысты дамыған және дамушы елдердің орталық банктері мөлшерлемелерді көтеріп жатыр.
«Халықаралық валюта қоры биылғы қазан айында жаһандық инфляцияға қатысты болжамды көтеріп, энергия тасымалдаушылар мен азық-түлік бағасының қосымша дағдарысы инфляцияның мейілінше ұзақ сақталуына әкелуі мүмкін екенін айтты. Инфляция азық-түлік пен энергетика секторынан тыс шығып барады. ХВҚ болжамдарына сәйкес, әлемдегі инфляция бұрын күткеннен жоғары деңгейде ұзағырақ қалып отыр және ол 2022 жылдың соңында 8,8% дейін жетуі мүмкін. Одан кейін ХВҚ жаһандық инфляция 2023 жылы 6,5%-ға дейін және 2024 жылға қарай 4,1% дейін бәсеңдейді деп болжады», - дейді Ұлттық банк төрағасы.
Логистикалық және өндірістік жолдардың өзгеруінен ішкі нарықтардағы теңгерімсіздік күшейіп, азық-түлік пен шикізаттың әлемдік бағасының өсуінен Қазақстанда да инфляция өскен.
«Жылдық мәнде инфляция 17,7% жетті. Бұған азық-түлік өнімдері бағасының 22,2% өсуі айтарлықтай ықпал етті. Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорттық тауарлардың қымбаттауынан және оларға сұраныстың жоғары болуынан 17%-ға дейін қарқын алды. Ақылы қызмет инфляциясы 12,3% болды. Кыркүйек айындағы сыртқы шоктарды ескерсек, 2022 жылдың соңына қарай инфляция біздің тамыз айындағы болжамымыздан асып түседі», - деді спикер.
Сондай-ақ, қазір іске асырылып жатқан ақша-кредит саясаты аясында 2023 жылы инфляция біртіндеп 7,5-9,5% дейін баяулайды. Әлемдегі азық-түліктің қымбаттауының баяулауы, негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның баяулауы да инфляцияны тежейтін болады.
«Шикізат бағасы жоғары болған жағдайда 2022 жылы төлем балансының шоты профицитке ауысып, 2023 жылы профицит сақталады деп күтіледі. Биыл тауар экспортының өсуі мұнай, металл, уран мен астықтың әлемдік жоғары бағасына байланысты болады. 2023 жылы металл бағасының төмендеуіне байланысты мұнайға жатпайтын экспорттың қысқаруы мұнай өндіру көлемінің 92,6 млн тоннаға дейін өсуі арқылы өтеледі. Сақталып отырған сұраныс пен фискалдық шығыстар аясында тауар импорты жоғары деңгейде сақталады деп күтіліп отыр», - деді Ғалымжан Пірматов.