Экономика салаларын цифрландыру және ЖИ енгізу талқыланды

2 506

 Коллаж:© Kazinform; Nano Banana ProМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған болатын, осыған орай Үкіметтің басты мақсаты экономиканың барлық саласына серпінді технологияларды енгізу болмақ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Экономика салаларына жасанды интеллект элементтерін енгізу - өндіріс тиімділігін арттыру, шығындарды азайту және жаңа жұмыс орындарын қалыптастырудың негізгі факторы. ЖИ технологиялары экономикалық өсім мен әлеуметтік прогресті қамтамасыз ететін жаһандық бәсекенің құралына айналып келеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бүгінде жасанды интеллект мемлекеттік басқаруда, квазимемлекеттік секторда және экономиканың негізгі салаларында белсенді түрде қолданылады.

- Қабылданып жатқан жүйелі шаралар мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, мүгедектік пен өлім-жітімді төмендетуге мүмкіндік береді. Балалардың денсаулық жағдайына қатысты скринингтің 6 түрі, оның ішінде үшеуі перзентханаларда (пренаталдық, неонаталдық, аудиологиялық) жүргізіледі. 2025 жылдың қорытындысымен балаларды скринингпен қамту 25%-ға артып 93% болды. Аудиологиялық скрининг нәтижесінде анықталған толық есту қабілеті жоқ барлық 523 балаға құны 6 жарым млн теңгені құрайтын есту импланттары орнатылды. Екі жыл бұрын мұндай операциялардың 80%-ы 3 жаста жасалса, қазір 2 жасқа дейін жасалады. Бұл балалардың ерте сөйлеу қабілетін қалыптастыруға және ерте дамуына үлес қосады, - деді А.Әлназарова.