Қазақстанда ең төменгі жалақыны 200 мың теңгеге көтеру туралы ұсыныс білдірді

2 301

Фото: Батыржан БеспаевҚазақстан азаматы Диас Абайұлы GosRating.com сайтында Қазақстандағы ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 200 мың теңгеге көтеруді талап еткен петиция жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Диас Абайұлының мәлімдеуінше, қазіргі таңда Қазақстандағы ең төменгі жалақы 85 мың теңге, яғни шамамен 160 долларға шамалас. Бұл көрсеткіш аймақта ғана емес, әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда да ең төмен деңгейде.

Салыстыру үшін:

•    Түркіменстанда ең төменгі жалақы – 200 мың теңге (шамамен 400 доллар).

•    Балтық елдерінде (Эстония, Латвия, Литва) – 500–600 мың теңге (1000–1200 доллар).

•    Эквадорда – 470 АҚШ доллары (шамамен 270 мың теңге).

•    Осылайша, Қазақстандағы ең төменгі жалақы Түркіменстаннан 2,5 есе, ал Литвадан 8 есе төмен.

Автордың айтуынша, 85 мың теңге көлеміндегі айлық бір отбасын асырауға, азық-түлік пен күнделікті қажеттіліктерді өтеуге жеткіліксіз. Әсіресе Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда немесе Тараз секілді өңірлік орталықтарда бұл мәселе айқын сезіледі.

Осыған байланысты Диас Абайұлы Қазақстан азаматтарының атынан ең төменгі жалақыны кемінде 200 мың теңгеге дейін көтеруді талап етеді. Бұл деңгей Түркіменстанмен теңесіп, халықтың өмір сүру сапасын халықаралық стандарттарға жақындататынын айтады. Сонымен қатар ол қазақстандықтарды осы бастаманы қолдауға, петицияға қол қоюға және ақпаратты таратуға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.