2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдерге бөлінетін қаржы азаяды

2 538

Фото: istockphoto.comҚазақстанда 2027 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдерге бөлінетін бюджет 860 миллиард теңгеге оңтайландырылады, – деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Үнемделген қаржы білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларын дамытуға бағытталмақ.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеген.

Министрдің сөзінше, әңгіме әлеуметтік төлемдерді тоқтату туралы емес. Мақсат – мемлекеттік қолдауды шын мәнінде мұқтаж азаматтарға жеткізіп, бюджет қаражатын тиімді пайдалану.

Оның айтуынша, қазіргі кезде мемлекеттік бюджет шығындарының жартысынан көбі әлеуметтік төлемдерге жұмсалады. Соңғы алты жылда бұл сома 3 триллион 300 миллиард теңгеден 6 триллион 700 миллиард теңгеге дейін өскен.

Үкімет үнемделген қаражатты білім беру, денсаулық сақтау және ғылым салалары арқылы халықтың өмір сапасын жақсартуға бағыттауды жоспарлап отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.