Биткоин құны құлдырап барады

2 745

Фото: bitcoinmagazine.comӘлемдегі ең ірі криптовалюта – биткоинның бағасы 12%-ға арзандады. Қазір оның бір монетасы – 64 000 доллар, яғни 2024 жылдың қазан айындағы деңгейіне түскен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі NBC News сайтына сілтеме жасап.

CoinMarketCap дерегінше, биткоин 2025 жылдың 6 қазанында монетасына 125 000 долларға бағаланған. Демек, сол кездегімен салыстырсақ, қазір 1,2 трлн доллардан астам құнын жоғалтқан. Бұған инвесторлардың сенімсіз валюта – криптовалюта мен технологиялық компаниялардың акцияларынан бас тартуы себеп болып отыр. Олар қаржысын алтын тәрізді дәстүрлі активтер түрінде сақтауға көшкен.

Биткоинның бағасы 2025 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 35%-ға түскен. Ал алтынның құны, керісінше, 70%-ға өскен.

Биыл алғашқы бірер айдың өзінде алтын 11%-ға қымбаттаса, ал биткоин 26%-ға арзандады.