Мұнай өндіру жұмысы тұралап қалды - Болат Ақшолақов

443
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов: Каспий құбыр консорциумы жөнделсе, Қазақстан мұнай өндірудегі бастапқы жоспарына  қайта оралуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 «Расында да Каспий құбыр консорциумының жұмысы ұзаққа тұралап қалады деген сын-қатерлер болды. Сондықтан Қазақстанның мұнай өндіру жоспары 87,5 млн тоннадан 86 млн тоннаға дейін қайта қаралған еді. Бұл жоспарды біз орындаймыз. Яғни, барлық маршруттарымызды іске қосып, Каспий құбыр консорциумының жұмысы ертерек қалпына келсе, бастапқыда жоспарлаған 87,5 млн тоннаға да қол жеткізуіміз мүмкін. Әзірге осындай болжамымыз бар», - деді Болат Ақшолақов Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен бірге, министр экспорттың баламалы маршруттары ретінде Атырау-Самара мұнай құбыры мен Ақтау портын атады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.