Сауда министрлігі газбен жүретін көлік иелеріне ескерту жасады

2 507

Қазақстанда газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қоймаса, жүргізушілерге айыппұл салынады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Айыппұлдың мөлшері – 11 мың 76 теңге немесе 3 АЕК (2024 жылы 1 АЕК – 3 692 теңге). Елімізде газбен жүретін көліктер арнайы белгі орнатуға тиіс. Өзгеріс 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енеді.


Бұған дейін Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев газбен жүретін көліктердің азаматтар үшін қаупі барын ескерткен еді. Арнайы белгі қою арқылы газбен жүретін көліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынады.


Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес, «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Осы өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық стандарт міндетті норма болып саналады.Дәл осындай автомобильдерді сәйкестендіру және мұндай тыйымдарды әкімшілендіру үшін арнайы белгі енгізілген. Арнайы белгі қара түсті жиегі бар және «GAS» леп белгісі жазбасы бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш болып келеді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 380 мыңнан аса көлік газбен жүреді.