Ұлттық қордан баланың шотына ақша түскенін қалай тексеруге болады?

2 730

Фото: bizmedia.kzҰлттық қордан балаларға берілетін қаражат 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап төлене бастайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында бүгінде ата-ана баласы туралы деректердің дұрыстығын және олардың eGov.kz порталының жеке кабинетіне енгізілген-енбегенін тексеру қажет екенін хабарлады.


"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы сайтында баланың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет болатын арнайы бөлім құрылады. Осының арқасында бала бағдарламаға қатысушы болды ма, көре аласыз.

Бұл ақпарат қордың веб-сайтында ақпанда балалардың шотына төлем түсе бастағанда пайда болады. Бұл қызметтер төлем жасалғаннан кейін жұмыс істей бастайды.

Ата-аналар немесе заңды өкілдер eGov.kz сайтындағы жеке кабинетінде әрбір бала туралы толық ақпаратты көре алады.

Фото: kaz.tengrinews.kz








Жеке кабинетке кіргеннен кейін баланың ата-анасы "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтуі керек.








Бұл бөлімде: "Менің құжаттарым", "Отбасы" және "Басқа құжаттар" бөлімдері бар. Аударым деректерін тексеру үшін төлемдер туралы толық деректер болатын "Отбасы" бөліміне өту керек.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.