«Ұлттық қор – балаларға»: Бала қайтыс болса, жиналған қаражат мұраға беріле ме?
Бала 18 жасқа толғанға дейін қайтыс болған жағдайда Ұлттық қордың табысынан аударылған жинағы ата-анасына беріледі не бауырлары арасында бөлінеді,- деп хабарлайдыц "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден: «Егер бала 18 жасқа толғанға дейін қаза тапса, онда оның қаражаты ата-анасына не бауырларына мұраға беріле ме?» деп сұраған еді.
«Бастапқыда біз әзірлеген тұжырымдамада қаражатты Ұлттық қорға қайтару туралы норма болған еді. Дегенмен кейіннен біз ақша ата-анасында қалады немесе өзге балаларының арасында бөлінеді деп шештік», - деді Әлібек Қуантыров.
Сонымен қатар ол Ұлттық қорда жинақталатын қаржыны бала 18 жасқа толғаннан кейін қалай пайдалана алатынын айтты.
«Бұл баланың ақшасы және ол кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оны үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсай алады», - деді министр.