Павлодар облысында боран салдарынан екі адам қаза тапты
265

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 23 наурыз күні сағат 22:50-де Омбы-Майқапшағай тас жолының Новоямышево ауылына жақын бойында Toyota Camry 20 жүргізушісі ауа райына байланысты жол көрінбейтін жерде 25 жастағы жігітті қағып кеткен. 25 жастағы жігіт жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Адам өмірін қиған тағы бір оқиға сол күні сағат 18:30-да Павлодар-Ленин кенті жолында орын алды.
Мұнда «Лада Приора» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі қарлы боран салдарынан тізгінге ие бола алмай, жол шетіндегі жақтау темірге соғылған. Жүргізуші қаза тапты. Сараптама тағайындалды. Барлық фактілер тексерілуде.