Екібастұзда 5 жасар бала терезеден құлап кетті
454
Павлодарда облысында 5 жасар бала терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды astanatv.kz.
Оқыс оқиға Екібастұз қаласында болған. Полиция департаментінің мәліметі бойынша, ұл бала 4-қабатта орналасқан пәтер терезесінен құлап кеткен.
Телеарна мәліметінше, бала аман. Қазір ауруханада жатыр.
Оқыс оқиға Екібастұз қаласында болған. Полиция департаментінің мәліметі бойынша, ұл бала 4-қабатта орналасқан пәтер терезесінен құлап кеткен.
"Баланың бас сүйегі, іш құрылысына зақым келген. Қазір жағдайы ауыр. Барлық ем жасалып жатыр. Бала есін біледі. Жансақтау бөлімінде", - деді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Айжан Әкімбекова.