Мемқызметшілер қазақ тілін білуге міндеттелуі мүмкін

429
Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу үшін қазақ тілін білу міндетті болуы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осындай бастама көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңының жобасы бойынша Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында жарияланған.

"Мемлекеттік органдарда қазақ тілінің қолданысын кеңейту мақсатында мемлекеттік қызметке кіру үшін мемлекеттік тіл біліміне шек қоюға болады деп ойлаймыз", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері мемлекеттік қызметтің жұмыс жүйесі қоғамдық қатынастар процестерімен байланысты екенін атап өтті.

"Қоғамдағы қазақ-орыс билингвизмінің даму серпіні де мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға әсер ететіні сөзсіз", - делінген агенттік құжатында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.